Тоқаев Жапония премьер-министрі Такаичиді партия жеңісімен құттықтады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жапониядағы Парламент сайлауында Либералды-демократиялық партияның жеңіске жетуіне байланысты премьер-министр Санаэ Такаичиді құттықтады.
«Президент өз жеделхатында бұл жеңістің Жапония халқының жүргізіліп жатқан саясат пен партияның болашақ жоспарларына деген сенімінің айқын дәлелі екенін атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің басшылығымен елдің тың бастамалары Жапонияны жаңа белестерге жетелейтініне сенім білдірді», – делінген Ақорда хабарламасында.
Сонымен қатар, Қазақстан президенті өткен жылы Жапонияға жасаған ресми сапарын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, сол кездегі қол жеткізілген уағдаластықтар екі ел арасындағы ынтымақтастықты жаңа сапалы деңгейге көтерді. Мемлекет басшысы қазақ-жапон қарым-қатынастарының қазіргі жоғары қарқынын сақтауға және оны одан әрі тереңдету үшін бірлесе жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.
Жеделхат соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Санаэ Такаичидің жауапты қызметіне табыс, ал жапон халқына бақ-береке тіледі.