Заңсыз интернет-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа іздеу жарияланды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
онлайн-казино
Фото: Shutterstock

Қаржы мониторинг агенттігі заңсыз онлайн-казино ұйымдастырған қылмыстық топқа іздеу жариялады.

Құзырлы органдардың дерегінше, күдіктілер 1Win интернет-платформасын ұйымдастырып, спорттық және киберспорттық оқиғаларға бәс тігуге мүмкіндік берген. Жалпы казино арқылы 11 мыңнан астам онлайн ойынға бәс тігілген.

Ал заңсыз қызметін жасыру үшін басқа адамдардың атына рәсімделген компаниялар құрып, оларды бір-бірімен байланыстырып, үлкен желі ретінде жұмыс істеген. Бұл жүйе онлайн-казиноның негізгі иесін анықтауды қиындатады.

Қазір күдіктілерге халықаралық іздеу жарияланып, сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.

Сот қаулысымен, олардың 420 млн теңгеден асатын мүлкі тәркіленді. Оның ішінде Mercedes Maybach S500, Lamborghini Huracan, Toyota Land Cruiser автокөліктері, банк шоттарындағы 151 млн теңге, 14 600 доллар және 44 400 еуро бар.

3 ақпанда PIN-UP және PINCO онлайн-казиносын ұйымдастырушыларына да халықаралық іздеу жарияланған еді. Олар АҚШ және Украина азаматтары болып шықты.

Сондай-ақ оқыңыз