Тоқаев Иран президентін құттықтады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Токаев заявил, что псевдоисторики искажают прошлое Казахстана
Тоқаев оны Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтаған / Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Иран Президенті Масуд Пезешкианға құттықтау жеделхатын жолдады.

Ақорданың ақпаратына қарағанда, Тоқаев оны Иранның төл мерекесі – Ислам Революциясы күнімен құттықтаған.

«Президент екі ел арасындағы қарым-қатынас қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Масуд Пезешкианның жауапты қызметіне толағай табыс, ал Иран халқына құт-береке тіледі», – делінген хабарламада.

Айта кететін жайт, Тоқаев мұның алдында Жапония премьер-министріне көңіл айтқан еді.

Сондай-ақ оқыңыз