Toyota Highlander енді электромобиль болады

Қазақтардың сүйікті көлігі Toyota тағы бір жаңа моделін көпшілік назарына ұсынды. Жаңа кроссовер АҚШ-та Highlander топтамасының ізбасары болады, соның атауын да алады. Автомобиль электр қозғалтқышпен жабдықталған және дизайны жағынан алдыңғы үлгілерінен түбегейлі ерекшеленеді.
Бұрынғы Highlander-ден айырмашылығы
Жаңа кроссовердің сыртқы көрінісі – 2021 жылғы bZ Large SUV концептісіне негізделген. Сериялық нұсқаның сыртқы пішіні мен артқы жарық шамдары бұрынғыша қалған. Алайда алдыңғы бөлігі брендтің қазіргі фирмалық стилінде жаңартылған дизайнмен ұсынылды.

Өлшемі жағына келсек, төртінші буындағы Highlander моделінен сәл үлкенірек: ұзындығы 5050 мм-ге дейін өскен, ал доңғалақ базасы 3050 мм-ге созылған. Үшінші қатардағы орындықтарды бүктегенде багаж сыйымдылығы 1292 литрді құрайды, ал орындықтарды көтергенде шамамен 450 литр ғана қалады.

Салондағы дизайны
Салонында орталық консоль ерекше көзге түседі. Оның алдыңғы бөлігінде екі телефон қоюға арналған ұяшық орналасқан, ал олардың арасында бірнеше батырма мен жүргізу режимдеріне арналған селекторы орнатылған. Алдыңғы панельде екі экран бар: 14 дюймдік мультимедиялық сенсорлық экран және 12,3 дюймдік цифрлық аспап тақтасы. Сонымен қатар, алдыңғы әйнекке проекция (HUD) қарастырылған.

Кроссовердің нұсқасына байланысты екі бөлек орындықты немесе тұтас диванмен жабдықталады. Үшінші қатар екі жолаушыға арналған.

Автокөліктің жабдықтар тізіміне Toyota Safety Sense 4.0 (TSS 4.0) жүргізушіге арналған фирмалық ассистенттер кешені, USB-порттар, орындықтарды жылыту мен желдету, рульді жылыту, 6 немесе 11 динамигі бар аудиожүйе және басқа да функциялар кіреді.
Highlander нұсқалары
АҚШ-та электрлік Highlander бірнеше нұсқада ұсынылатын болады. Негізгі модельдерде алдыңғы осьте бір 221 ат күшті (268 Нм) электромотор орнатылып, 77 кВт·сағаттық батареямен жұптасады. Ал қымбат нұсқаларда артқы осьте қосымша электромотор қосылып, жалпы қуаты 338 ат күшіне (438 Нм) жетеді. Толық жетекті модельдер үшін 77 кВт·сағаттық батареяның орнына 95,8 кВт·сағаттық батареяны таңдау мүмкіндігі де бар.

Жол жүру қашықтығы 434-тен 515 км-ге дейін өзгереді. Барлық кроссовер нұсқаларында әдеттегі NACS қуаттау порты орнатылған, бұл оларға Tesla станцияларында адаптерсіз-ақ қуаттау мүмкіндігін береді.
Нарыққа қашан шығады
Алғашқы сериялық көлік 2026 жылдың соңына қарай шығады деп жоспарлануда. Компания модельді басқа нарықтарға экспорттау жағын әлі жарияламады. Айта кетейік, төртінші буындағы Highlander бұрын Қазақстан нарығында ресми түрде ұсынылған еді, бірақ қазір бұл кроссовер жоқ.
Toyota корпорациясы алты жыл бойы әлемдегі ең ірі автоөндіруші атағын ешкімге бермей қалады. Бәсеке күшейгеніне қарамастан, алып компания көлік саудасын рекордтық көрсеткішке жеткізді. Toyota Motor Corporation 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы сауда қорытындысын жариялаған болатын. Құжатта корпорация былтыр он бір айда 11,3 млн автокөлік сатқаны, сауда 4,6%-ға көтерілгені айтылған. Ал өндіріс 5,7%-ға өсіп, 11,2 млн данаға жеткен.