Бритни Спирс өзіне тиесілі хиттарын пайдалану құқығын сатты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: TMZ

Танымал әнші Бритни Спирс танымал музыкалық каталогын пайдалану құқығын сатты. Бұл жайлы дереккөздеріне сілтеме жасаған Rolling Stone жазады.

Енді Бритнидің хит әндерін Primary Wave компаниясы иеленеді. Олардың ішінде «…Baby One More Time», «Oops! … I Did It Again», «(You Drive Me) Crazy», «I’m a Slave 4 U», «Lucky», «I’m Not a Girl, Not Yet a Woman» деген тәрізді танымал композициялары бар.

Мәміле 30 желтоқсанда жасалған. Бірақ оның құны қанша екені белгісіз. Кейбір дереккөздердің сөзінше, шамамен 200 млн доллар төңірегінде болуы мүмкін.

Primary Wave танымал музыкалық орындаушылардың шығармашылық каталогтарын сатып алумен айналысады. Өткен жылдың наурыз айында компания The Notorious B.I.G. мұрасының 50 пайыз үлесін сатып алды. Бұған дейін ол Уитни Хьюстон, Боб Марлидің де туындыларын пайдалану құқығын иеленген еді.

Жақында әнші АҚШ-та енді өнер көрсетпейтінін мәлімдеген, бірақ шығармашылығын жалғастыра бермекші. 2022 жылы Спирс Элтон Джонмен бірге «Hold Me Closer» синглін жазды. Ал 2023 жылы Black Eyed Peas тобының мүшесі will.i.am-пен «Mind Your Business» әнін шығарды.

Сондай-ақ оқыңыз