Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыраны ұшырылды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
"Протон-М" зымыран тасығышы Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшты
Гептилмен ұшатын ірі зымыранның Байқоңырдағы айлақтан әуеге көтерілу сәті / фото: «Роскосмостың» youtube-тегі тікелей эфирінен скриншот

12 ақпанда Астана уақытымен 13:52-де Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран тасығышы ұшырылды. Ол «Электро-Л» №5 спутнигін орбитаға алып шықты.

Зымыран 10 минуттың ішінде 200 шақырымға көтерілсе, оның ұшу жылдамдығы сағатына 26 мың шақырымға дейін жеткені мәлім болды. Шамамен осы уақытта зымыранның үшінші бөлігі өшіріліп, орбиталық блок бөлініп шыққаны хабарланды.

Тікелей эфир комментаторы метеорология спутнигі өтпелі орбитаға жеткенін, ал өзіне тиесілі нүктеге бірнеше сағаттан соң шығатынын айтты.

Бейсенбі күні таңертең мемлекеттік комиссия зымыранға отын құюға рұқсат берген. 700 тонналық «Протон-М» улы гептил отынын жағады.

«Роскосмос» ұшу сәтін Youtube пен Telegram-да тікелей эфирде көрсетті. Бұл уақытта федералдық мекеменің Instagram-дағы парағы жұмысын уақытша тоқтатқанын ескертті. Бұған Ресей Бас прокуратурасының талабы себеп болған. Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Ресейде WhatsApp толық бұғатталған.

Сондай-ақ оқыңыз