Сара Назарбаева 85 жасқа толды

Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Алпысқызы 85 жасқа толды.
Сара Назарбаева 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Бала кезінде анасы өмірден өтіп, ерте еңбекке араласуына тура келген. 12 жасында мектепті тастап, тігін фабрикасында жұмыс істей бастаған.
1962 жылы болашақ Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен шаңырақ көтерді. Екеуі Теміртаудағы Қарағанды металлургия зауытында бірге еңбек етіп жүргенде танысқан. Отбасында үш қыз дүниеге келген: Дариға, Динара және Әлия.
1972–1976 жылдары Теміртаудағы зауыт жанындағы жоғары техникалық оқу орнында «өнеркәсіпті жоспарлау» мамандығы бойынша білім алған. Одан кейін Қарағанды металлургия зауытында және «Қарағандакөмір» өндірістік бірлестігінде еңбек еткен.
1992 жылдан бері Сара Назарбаева балаларды қолдауға бағытталған «Бөбек» республикалық қайырымдылық қорының негізін қалап, оны басқарып келеді. Қор арқылы балалардың құқығын қорғау, олардың рухани-адамгершілік тәрбиесін дамыту бағытында көптеген жобалар жүзеге асты.
Қазақстанның тұңғыш және әзірге жалғыз ханымның өмір жолы туралы мына жерден толық оқи аласыз.
Еске сала кетейік, былтыр мамыр айында Сара Назарбаевның қайтыс болғаны туралы сыбыс тараған еді. Алайда артынша Назарбаевтың баспасөз хатшысы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Жақында ғана ауруханада шыққан Сара Назарбаева 10 ай бойы ем алған. Айдос Үкібайдің айтуынша, бірінші президенттің әйелі инфаркт алған.