14 наурыз – Тыныштық күні. Референдумға дайындық кестесі бекітілді

Елде 15 наурызда республикалық референдум өтеді. 14 наурыз – Тыныштық күні. Бұл туралы Орталық референдум комиссиясы отырысында айтылды.
12 ақпаннан 14 наурыз сағат 00.00-ге дейін үгіт жүргізіледі.
21 ақпанда аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы, референдум учаскелері шекарасы туралы мәлімет жарияланады.
22 ақпанда референдум комиссияларына дауыс беруге арналған тізім ұсынылады.
27 ақпан-4 наурыз аралығында азаматтар дауыс беру уақыты мен орны туралы хабар алады.
12-14 наурызда бюллетеньдер учаскеге жеткізіледі.
14 наурыз – Тыныштық күні.
15 наурыз сағат 07:00 – 20:00 аралығында дауыс беруге болады.
Жалпы референдумда 12 416 759 адам дауыс беруге құқылы.
Айта кетейік, референдумда қазақстандықтарға «Жобасы БАҚ-та 2026 жылдың 12 ақпанында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдайсыз ба?» деген сұрақ қойылады.