Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды

Жарияланды
​​General news бөлімінің тілшісі
Ауа райы жол қозғалысы ҚазАвтожол
Ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды / Фото: Shuttertock

12 ақпанда сағат 20:00-ден бастап ауа райының күрт нашарлауына байланысты Алматы және Жетісу облыстарында бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда барлық көлік түрлерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді.

Атап айтқанда, Алматы облысында:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 25-124 шақырым аралығы (ақы алу пунктінен Жетісу облысының шекарасына дейін);
  • «Алматы – Шелек – Қорғас» автожолының 25–243 шақырым аралығы (ақы алу пунктінен Тасқарасу бұрылысына дейін) жабылды.

Ал Жетісу облысында:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 124-168 шақырым аралығында (Алматы облысының шекарасынан Сарыөзек ауылына дейін) көлік қозғалысы шектелді.

Жол қозғалысын 2026 жылғы 13 ақпан сағат 07:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.

Жүргізушілер мен жолаушыларға жолға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, алдын ала бағытты нақтылау ұсынылады. Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығынан тәулік бойы алуға болады.

Айта кетейік, осыған дейін 13 ақпанда Алматы мен Жетісу облысында қар жауып, жел тұрып, көктайғақ болатынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз