Елдің төрт өңіріндегі оқушылар қашықтан оқуға көшті

Ауа райының бұзылуына байланысты төрт өңірдегі оқушылар онлайнға ауысты. Бұл туралы облыс әкімдіктерінен хабарлайды.
Астана
2026 жылдың 13 ақпанда Астанадағы бастауыш сынып және 5-6 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшті.
Абай облысы
Абай облысында ауа температурасы -23 градусқа дейін түсті, қатты аяз әрі көктайғақ. Осыған байланысты Семей мектептеріндегі 1-9 сынып оқушылары онлайнға шықты. Бесқарағай, Көкпекті, Жаңасемей, Бородулиха ауданының оқушылары да қашықтан оқуға көшті.
Шығыс Қазақстан облысы
Шығыста ауа температурасы –26,6°С-қа дейін түсіп, Риддердегі бастауыш сынып оқушылары онлайнға ауысты. Дәл осылай Алтай қаласында да.
Риддер қаласында 13 ақпан күні ауа температурасының дейін төмендеуіне байланысты барлық мектепте бірінші ауысымда оқитын 0–4 сыныптардың оқушылары қашықтан оқыту форматына көшіріледі.
13 ақпанда ауа температурасының -28°С-тан -35°С-қа дейін төмендеуіне байланысты Қатонқарағай, Марқакөл, Самар аудандарындағы мектептер қашықтан оқу форматына ауысты.
Тараз қаласы
Осы күндері Жамбыл өңірінде де бұрын-соңды болмаған қар жауып, ауа райы бұзылды. Сондықтан Тараз қаласындағы барлық мектеп онлайнға ауысты.
Айта кетейік, Жамбыл мен Түркістанда жол қозғалысы да шектелді.