Конституция мен Құрылтай: Қазақстанда қанша адам осындай есімге ие?

Жарияланды
Фото: ЖИ көмегімен жасалған, биль-редактор: Ахтам Зиперов

Қазақстанда Конституция есімді 1 адам және Құрылтай есімі қойылған 3 адам тұрады. Жаңа конституциялық өзгерістерге орай, Kursiv.Media елімізде жаңа Конституциямен байланысты ерекше есімдерге ие азаматтардың бар-жоғын тексеріп көрді.

Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша республикада ең көп сұралған есімдер мынандай көрсеткіштерге ие:

  • Конституция: ел бойынша мұндай есімді небәрі 1 адам иеленген. Ол азамат 65 жастан асқан және Астана қаласында тұрады.
  • Құрылтай: бұл есімді 3 қазақстандық иеленген. Олардың бірі Қарағанды облысында тұрады(жасы 30–34 аралығы). Тағы екеуі Шығыс Қазақстан облысында тұрады: біреуінің жасы 50–54 шамасында, екіншісі 55–59-терде.
  • Новелла: Қазақстанда бұл есімді 5 әйел адам иеленген. Олардың жасы мен тұрғылықты жері төмендегідей:
    ◦ 1 адам 15 жасқа толмаған, Қостанай облысында тұрады;
    ◦ 1 адам 55–59 шамасында, Ақмола облысында тұрады;
    ◦ 2 адам 50–54 шамасында: біреуі Павлодар облысында, екіншісі Астана қаласында тұрады;
    ◦ 1 адам 65 жастан асқан, Алматы қаласында тұрады.

Ал Реформа және Референдум есімдері бар Қазақстан азаматтары туралы статистикалық деректер базада тіркелмеген.

Еске салсақ, осыған дейін 2026 жылғы ақпан айына арналған соңғы статистикалық мәліметтерді талдап, «Ұл» түбірін қамтитын әйел есімдеріне шолу жасап көрген едік.

Сондай-ақ оқыңыз