Қысқы Олимпиада 2026: Михаил Шайдоровтың өнерін қайдан көруге болады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: olympic.kz

13 ақпан күні қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада 2026 ойындарында жүлде үшін шешуші кезеңге шығады.

Спортшы еркін бағдарламасын орындайды. Жарыс Қазақстан уақыты бойынша 23:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

Айта кетейік, қысқа бағдарламаның қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы 92,94 ұпай жинап, аралық есепте бесінші орынға тұрақтаған. Көш басында 108,16 ұпаймен америкалық Илья Малинин келеді.

Сондай-ақ, қазақстандық спортшыдан жоғары орындарға жапониялық Юма Кагияма (103,07), франциялық Адам Сяо Хим Фа (102,55) және италиялық Даниэль Грассль (93,46) жайғасқан.

Жалпы жарысқа 24 мәнерлеп сырғанаушы қатысып жатыр, ал жүлделі орын тағдыры еркін бағдарлама нәтижесінде анықталады.

Сондай-ақ оқыңыз