ШҚО әкімінің орынбасары Жақсылық Омардың ұсталғаны рас па – әкімдік не дейді

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Жақсылық Омар / Фото: желідегі парақшасынан

Әлеуметтік желілерде ШҚО әкімінің бірінші орынбасары Жақсылық Омар ұсталғаны жөнінде ақпарат тарап жатыр. Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

«Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде аталған лауазымды тұлғаға қатысты қандай да бір мәлімет жоқ. Интернет желісінде тараған ақпарат ресми дереккөздермен расталмаған. Қолда бар мәліметке сәйкес, лауазымды тұлға денсаулығына байланысты уақытша еңбек демалысын алған», – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Жақсылық Омар былтыр Өскемен қаласын алты жыл басқарғаннан кейін, ШҚО әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған. Ол кезде облысты Ермек Көшербаев басқарып тұрған. Ол 2016-2018 жылдары Алматы облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарғаны болмаса, кәсіби карьерасы негізінен шығыста өтіп жатыр. Жақсылық Омар ШҚО әкімінің орынбасары лауазымына былтыр көктемде тағайындалды.

Сондай-ақ оқыңыз