«Бес жыл күттім»: Шайдоров чемпион ретінде алғашқы сөзін айтты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Призеры Игр-2026 в мужском одиночном катании – олимпионик Михаил Шайдоров с японцами Юмой Кагиямой и Шуном Сато
фото: ҰОК

Қысқы Олимпиада чемпионы атанған Михаил Шайдоров өзінің жеңісі жайлы пікір білдірді. Айтуынша, чемпион болатынына тіпті өзі де сенбеген.

«Шынымды айтсам, бұған сене алмадым. Бүкіл маусым бойы мен алдымен өзіммен күрестім. Бүкіл маусым маған өте қиын болды. Жарыстарда төрттік секіру элементін үш рет орындауға тырыстым. Ешқайсысында жасай алған емеспін. Бірақ бүгін сәті түсіп, қолымнан келгенді орындадым. Бұл Олимпиада ойындарына бес жыл дайындалдым. Осы ойындарда өз жұмысымды мінсіз орындап шыққым келген еді, бүгін соны істедім. Бұл жарысты, бұл медальді Қазақстанға арнағым келеді», – деді Михаил Шайдоров жарыстан кейін Qazsport телеарнасына сұхбатында.

21 жастағы спортшы мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш рет Қысқы Олимпиада чемпионы атанды. Бұған дейін бұл спорт түрінен мұндай ірі жетістікке Денис Тен жеткен. Ол 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиадада қола жүлде иеленді. Сол кезде Қазақстан тарихындағы мәнерлеп сырғанаудан алғашқы әрі жалғыз олимпиадалық медаль болды. Енді Шайдоровтың арқасында елімізге алтын медаль да келді.

Президент Тоқаев та спортшыны құттықтап, орденмен марапаттайтынын айтты.

Сондай-ақ оқыңыз