Министрлік наурызда ҰБТ тапсыратын түлектерге маңызды ескерту жасады

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Тамыздағы ҰБТ-ға өтінім қабылдау басталатын күн белгілі болды
фото: ашық дереккөзден

Осы жылы ақпанның 15-25 аралығында наурыздағы ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш қабылданады. Тіркелу үшін app.testcenter.kz сайтына кіру керек немесе UTO қосымшасы арқылы жүргізуге де болады. Тестілеудің 1 наурыз бен 6 сәуір аралығында өтеді деп ескертеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

2026 жылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің (ҰБТ) форматы өзгермейді. Яғни, талапкерлер бұрынғыдай 3 міндетті пән және 2 бейіндік пән тапсырады.

ҰБТ-да барлығы 120 тапсырма болады. Оның ішінде:

  • Қазақстан тарихынан – 20 сұрақ,
  • Оқу сауаттылығынан – 10 сұрақ,
  • Математикалық сауаттылықтан – 10 сұрақ,
  • Әр бейіндік пәннен – 40 сұрақтан беріледі.

ҰБТ бойынша ең жоғары балл өзгеріссіз қалады және 140 баллды құрайды.

«Айта кету керек, биыл Ұлттық тестілеу орталығы талапкерлерге лайықты мамандық таңдауға көмектесетін EDUNAVIGATOR.KZ кәсіби бағдар беру платформасын іске қосты. Платформа болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға мүмкіндік беріп, жоғары оқу орындарына түсу кезінде сенімділікті арттырады», – деп ескертеді министрліктен.

ҰБТ-ға дайындалу үшін байқау сынақтары іске қосылды. Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында талапкерлерге арналған көмекші материалдар жарияланды. Оның ішінде «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» пәндері бойынша 100 негізгі тарихи датаның тізімі, «Информатика» пәні бойынша терминдер тізімі, сондай-ақ «Қазақ әдебиеті» мен «Орыс әдебиеті» пәндері бойынша міндетті әдеби шығармалардың тізімі болады.

Тестілеу уақыты – 4 сағат (240 минут). Ал ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға қосымша 40 минут қосылады.

Бұған дейін қаңтарда ҰБТ тапсырудың бір толқыны өтіп, 184 мыңға жуық адам қатысқан. Олардың 75%-ы қазақ тілінде, 25%-ы орыс тілінде және 113 адам ағылшын тілінде тест тапсырды. Талапкерлердің 68%-ы шекті балл жинады.

Сондай-ақ оқыңыз