Шымкентте Нұрай Серікбайдың қырық күндік асы берілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бойжеткен 11 қаңтарда қайтыс болды/фотоны марқұмның туыстары ұсынды

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қырық күндік асы берілді. Қайтыс болған бойжеткеннің ағасы әлеуметтік желіде жазба жариялап, күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады.

«Бүгін Нұрайдың 40 күндік асы өтті. Жап-жас, нәзік қыздың қырқына көп адам келіп, көңіл білдірді. Бізден кейін және біздің алдымызда үлкен жасқа келіп қайтқан кісілердің жылдық асын беріп жатты. Соның арасында қаршадай қыздың қырқын беру өте ауыр екен. Жүректі езеді, қинайды», – деп жазды Нұрайдың ағасы Сұлтан Серікбай.

Енді өсіп келе жатқан гүлді тамырымен бірге жұлған адамды өмірбақи бас бостандығынан айырды деген үкімді күтеміз, деп толықтырды ол.

Нұрай Серікбайдың қазасы

Шымкентте 2026 жылдың 11 қаңтары кешке 21 жастағы Нұрай Серікбайды танысы пышақтап өлтіріп, оқиға орнынан қашып кеткен. Күдікті арада екі күн өткенде ұсталды.

Күдіктіге үш бап негізінде айып тағылып отыр:

  • 125-1-бап – «некеге тұруға мәжбүрлеу»;
  • 115-1-бап – «сталкинг»;
  • 99-баптың 2-бөлігі 5-тармағы  «аса қатыгездікпен адам өлтіру».
Сондай-ақ оқыңыз