Михаил Шайдоровқа үш бөлмелі пәтер сыйға берілді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Shaidorov, gold
Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлады/фото: ҰОК, Сали Сабиров

Ulytau Group компаниясы Олимпиада ойындары чемпионы Михаил Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйлады.

Компания әлеуметтік желідегі парақшасында жеңімпазды құттықтап, сыйға берілетін пәтердің Есіл жағалауында орналасқанын жазды.

«Ulytau Group компаниясы атынан сізге алғыс білдіріп, Астана қаласындағы Есіл өзені жағалауында орналасқан New City Life тұрғын үй кешенінен үш бөлмелі пәтерді сыйға тартамыз», – деп жазды компания мамандары.

Бұған дейін чемпионға қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген көлік сыйлайтынын айтты. Ал inDriver компаниясы негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігін сыйлады.

Одан бөлек президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыз