Қонаевтың жиені өмірден өтті
Жарияланды

Дінмұхамед Қонаевтың жиені, энергетик Алтай Қадыржанов өмірден өтті. Қаралы хабар Қонаев қорының әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланды.
«Алтай Қадыржанов Қазақстанның энергетикалық жүйесін құру мен нығайту жолында еңбек етті. Дінмұхамед Қонаевтың жиені болса да кез келген артықшылықтан бас тартып, өзін іспен, біліммен және табанды еңбегімен дәлелдеді», – делінген ақпаратта.
Бұған дейін Қонаевтың қарындасы Роза Қонаева 91 жасында өмірден өтті.