Михаил Шайдоров қазақстандықтарға алғыс айтты

Олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров әлеуметтік желіде видео жариялап, қазақстандықтарға алғыс айтты.
«Мемлекет басшысына көрсеткен қолдауы үшін үлкен алғыс айтқым келеді. Федерация президентіне мәнерлеп сырғанаудың дамуына қосқан үлесі үшін рахмет айтамын. Қазақстандарға, трибунада және экран алдында қолдау көрсеткен жанкүйерлерге, әлеуметтік желілерде жазба қалдырған баршаңызға ерекше алғыс. Кейінгі екі күнде ұйықтаған жоқпын, қандай сезімде екенімді сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деді Шайдоров.
Шайдоровтың жеңісі
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Италияда өтіп жатқан Олимпиада ойындарының чемпионы атанды.
Содан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Михаил Шайдоровты II дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады.
Қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген чемпионға көлік сыйлайтынын айтты. Ал inDriver компаниясы негізін қалаушы Арсен Томский Михаилдың әкесіне Audi Q8 автокөлігін сыйлады.
Ulytau Group компаниясы Шайдоровқа Астанадан үш бөлмелі пәтер сыйға беретін болды.