Қазақстан жанармайдың қымбаттау қарқыны бойынша көрші елдерді шаң қаптырды

2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭС) аясында бензин бағасы қымбаттауы жағынан бірінші орынға шықты.
Евразиялық экономикалық комиссияның статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, елдегі жанармай құны бір жылда 15,7%-ға қымбаттаған.
Баға өсімі бойынша Қазақстаннан кейінгі орынға Қырғызстан (+15,1%) мен Ресей (+10,8%) жайғасса, Арменияда, керісінше, бағаның аздап төмендеуі (-0,8%) байқалған.
Дегенмен бағаның мұндай қарқынмен өсуіне қарамастан, Қазақстан бензині одақ ішіндегі ең арзан жанармай болып тұр.
Бір литріне орташа есеппен 0,46 доллар құрайтын баға – көршілес елдермен салыстырғанда екі есе, ал Армениямен салыстырғанда үш есе төмен көрсеткіш.
2025 жылғы 16 қазанда Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бағасын көтеруге мораторий енгізілгені хабарланған болатын.