Жаңа Конституция жобасына арналған сайт іске қосылды
Жарияланды

Елде жаңа Конституция жобасы мен алдағы республикалық референдумға арналған арнайы сайт referendum2026.kz жұмысын бастады.
Платформада не бар
Сайтта жаңа Конституция жобасының толық нұсқасымен танысуға болады. Онда референдум өткізу тәртібі, түсіндірме материалдар және ресми ақпараттар орналастырылған.
Сонымен қатар платформада өңірлердегі коалиция жұмысы туралы жаңалықтар, түрлі бейнематериалдар және интерактивті форматтар бар.
Айта кетейік, елде жаңа Конституцияны қабылдауға қатысты республикалық референдум 15 наурызда өтеді.