Үкімет шағын бизнестің айыппұлы мен өсімпұлын кешіреді

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Шағын бизнестің қарызы кешіріледі /Фото: shutterstock, бильд-редактор Ахтам Зиперов

Қазақстанда шағын кәсіпкерлер жиналып қалған айыппұл мен өсімпұлдан толық құтыла алады. Бұл жеңілдікті пайдалану үшін наурыз айының соңына дейін негізгі салық қарызын бюджетке төлеу. Қаржы министрлігінің бұйрығымен салық амнистиясының ережелері бекітілді.

Амнистияға 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша ресми түрде микро және шағын кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелгендер қатыса алады.

Мемлекет кәсіпкерлердің мынадай берешектерін кешіруге дайын:

  • Өсімпұл: Жыл басында есепте тұрған немесе ескі қарыздар үшін кейіннен есептелген барлық өсімпұл.
  • Салық айыппұлы: Егер кәсіпкер салықтың негізгі сомасын төлесе, сол салық түрі бойынша салынған айыппұлдар жойылады.
  • Қосылған құн бойынша айыппұлдар: 2026 жылдың 1 қаңтарына дейінгі кезеңде қосылған құн салығын (ҚҚС) төлеуші ретінде тіркелмей жұмыс істегені үшін салынған айыппұл.

Айыппұл қай жағдайда кешіріледі

Айыппұлдар мен өсімпұл кешірілуі 2026 жылдың 1 қаңтары мен 31 наурызы аралығында негізгі салық қарызын толық өтеуге тиіс. Негізгі қарыз төленген бойда салық органдары есептелген өсімпұл мен айыппұлды есептен шығаруға міндетті.

Бұған дейін банкроттық немесе оңалту процедураларына байланысты салық төлеу мерзімі кейінге шегерілген компаниялар үшін де жеңілдіктер қарастырылған.

Егер олар негізгі қарызын 2026 жылдың 1 сәуіріне дейін жапса, олардың да айыппұлдары мен өсімдері кешіріледі. Ол үшін салық органына еркін нысанда өтініш беру қажет.

Сондай-ақ оқыңыз