Алматы қаласына жақын маңда 5,3 балдық жер сілкінісі болды
Жарияланды

16 ақпанда Астана уақытымен түскі сағат 12:14-те Қытайдың Шыңжаң өңірінде жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Ұлттық мекеме дерегінше, жерасты дүмпуінің магнитудасы 5,3 балл болды. Дүмпу ошағы Қытайдың Ақсу қаласына өте жақын маңда орналасқан.

Жер сілкінісі болған орын мен Алматы қаласы аралығын 275 шақырым бөліп жатыр.
Қытайдың Ақсу өңірі маңында жиі жер сілкінеді. Мәселен, 2025 жылғы 4 желтоқсанда Қытай аумағында 6,4 баллдық дүмпу болып, оның толқыны Алматыға дейін жеткен.
Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Жетісу облысында 5 балдық жер сілкінісі болған.