Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша жүлдеге таласады

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Абзал Әжіғалиев Олимпиада ойындары
Шорт-трекші Абзал Әжіғалиев / фото: olympic.kz, Сали Сабиров

Қазақстандық қос атлет Олимпиада жүлдесіне таласады. Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша дүйсенбі күні іріктеу сынынан сүрінбей өтті.

16 ақпанда шорт-тректен 500 метр қашықтықта ширек финалда сайысқа түсетін спортшылар анықталды. Іріктеу сынынан сүрінбей өткендер арасында Әжіғалиев пен Никиша да бар. Абзал өз жарысында бірінші келіп, келесі кезеңге қиналмай өтті. Ал Денис үшінші орын алған спортшылар арасында үздік төрттіктен көрініп, ширек финалға әзер шықты.

Шорт-тректен 500 метрлік қашықтықтағы финалдық жарыстар 18 ақпанда түнде өтеді.

Әзірге Қазақстан құрамасының қоржынында жалқы алтын бар. Оны мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыз