АҚШ-та танымал актер, Оскар сыйлығының иегері Роберт Дюваль өмірден өтті

АҚШ-та танымал актер Роберт Дюваль 95 жасында өмірден өтті. Бұл туралы актердің жұбайы Лусиана Педраса таратқан мәлімдемеде айтылған.
BBC ақпаратына қарағанда, актер жексенбі күні Вирджиния штатындағы үйінде көз жұмған.
Роберт Дюваль әлем көрерменіне ең алдымен Өкіл әке және Бүгін апокалипсис фильмдеріндегі рөлдері арқылы кеңінен танылды. Ол 1984 жылы Нәзік мейірім картинасындағы басты рөлі үшін Academy Awards сыйлығының ең жоғары марапатын иеленді.
Актер бұдан бөлек «Оскар» жүлдесіне бірнеше рет ұсынылған. Соңғы рет ол 2014 жылы Судья фильміндегі рөлі үшін номинацияға ие болған.
Ал режиссер Фрэнсис Форд Коппола түсірген «Бүгін апокалипсис» фильмінде Дюваль сомдаған полковник Килгор бейнесі кино тарихындағы ең есте қаларлық кейіпкерлердің біріне айналды. Әсіресе шабуыл көрінісінде шырқалған Ride of the Valkyries композициясы, оның авторы Рихард Вагнердің музыкасы және «Напалм иісін таңертең жақсы көремін» деген әйгілі репликасы көрермен жадында сақталды.
Ал актердің өзі сүйікті жұмыстарының бірі ретінде 1989 жылғы Жалғыз көгершін телехикаясындағы Техас рейнджері Огастус Маккрей образын жиі атап өткен.
Роберт Дюваль жарты ғасырдан астам уақытқа созылған мансабында ондаған фильмге түсіп, Голливуд тарихындағы ең беделді актерлердің бірі ретінде танылды.
Мұның алдында қазақстандық танымал актер Анатолий Креженчуков өмірден озған еді.