Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет анасы мен ұлы жарысқа шықты

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: ашық дереккөзден

Қысқы Олимпиада тарихында алғаш рет анасы мен ұлы қатар өнер көрсетті. Олар – мексикалық Сара Шлепер мен Лассе Хахиола деп хабарлайды Kursiv.Media.

46 жастағы Сара Италияда алып слалом және супергигант атты спорт түрлеріне қатысып, 26-орын иеленді.

Оның ұлы 18 жастағы Хахиола да осы жарыста бақ сынады, бірақ мәреге жете алмады.

Сара Шлепер – Олимпиадаға ең көп қатысқан тау шаңғышы әйел спортшы ретінде рекорд иегері. Бұл – оның жетінші Олимпиадасы, ал ұлы үшін алғашқы ойындар. Спортшы сондай-ақ Олимпиада тарихындағы ең жасы үлкен тау шаңғышы атанды.

Бұған дейін Шлепер АҚШ құрамасы сапында өнер көрсеткен. 2011 жылы спорттық мансабын аяқтағанымен, 2015 жылы үлкен спортқа қайта оралып, Мексика құрамасының намысын қорғай бастады.

Айта кетейік, Михаил Шайдоров Қысқы Олимпиада да топ жарып, мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанды. Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша финалға шығып, жүлдеге таласқалы тұр.

17 ақпанда сайыс жолына түсетін спортшылардың кестесін мына жерден көре аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз