Алматы қаласында жер сілкінді (карта)
Жарияланды

17 ақпанда Астана уақытымен сағат 15:08-де жер сілкінді. Оны Алматы қаласының тұрғындары да сезді. Дүмпу ошағы Есік қаласына жақын орналасқан. Ұлттық деректер орталығы жер сілкінісі магнитудасын 5 балл деп бағалады.
Дүмпу туралы мәлімет
Қазақстандағы сейсмикалық станциялар жер сілкінгенін анықтады. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, дүмпу ошағы Қазақстан аумағында – Алматы қаласынан шығысқа қарай 74 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісін Алматы және Жетісу облысының тұрғындары сезді. Алматы қаласында 2 балл, Есік қаласында 4 балл, ал Талғар қаласында 3 балл болды.

Естеріңізге сала кетейік, бір күн бұрын – 16 ақпанда түсте Қытай аумағында қуаты 5,3 балдық жер сілкінісі болған. Бірақ оның әсері Алматыда сезіле қоймаған.
Жер сілкінісі кезіндегі 10 қарапайым қадам
- Дүмпу кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкінген уақытта лифтіге мінбеңіз, баспалдақпен жүрмеңіз;
- Жиhаздан, терезеден мейлінше алшақ тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз – жоғары қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышына жасырыныңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттар тұрсаңыз); көп қабатты үйлерде дүмпу аяқталған соң ғана ғимараттан шығыңыз;
- Мүмкіндік болса, үйден шығардан бұрын суды, газды, электр қуатын өшіріңіз;
- Дабыл дорбасын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерінен, ғимараттан, ағаштардан аулақ жүріңіз;
- Жер сілкінісіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.