«Галатасарай» – «Ювентус» матчын қайдан көруге болады
Жарияланды

Бүгін 17 ақпан күні ыстанбұлдық «Галатасарай» өз алаңында италиялық «Ювентус» клубын қабылдайды. Матч Астана уақытымен 22:45-те басталады.
Кездесудің тікелей трансляциясын Q League арнасы, сондай-ақ Кинопоиск және Freedom Media стриминг платформалары арқылы көруге болады.
Плей-оффтың алғашқы ойындары 17 ақпанда басталады. Жасыл алаңға Еуропа футболының алпауыт клубтары Реал Мадрид, ПСЖ, Интер Милан, Дортмунд, Атлетико Мадрид және өзге де атақты командалар шығады.
24 ақпанда қарымта кездесулер өтеді.
Плей-офф кезеңінің барлық матчтарын Freedom SuperApp қосымшасындағы Freedom Media онлайн-кинотеатры арқылы тамашалауға болады.
Бұдан бөлек, әзербайжандық «Қарабах» футбол клубы өз алаңында Англияның «Ньюкаслмен» ойнайды.