Әйгілі УАЗ көлігінің экспорт нарығы ұлғаяды

Ресейлік автокөлік өндіруші Ульянов автокөлік зауыты (УАЗ) көлік экспортын едәуір кеңейтуді жоспарлап отыр.
Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, қазірдің өзінде автокөліктерді шет мемлекеттерге жеткізу бойынша белсенді келіссөздер жүргізілуде.
«Экспорт географиясын Латын Америкасы, Азия, Африка және Таяу Шығыс елдеріне кеңейту жоспары тұр», – делінген хабарламада.
2025 жылы УАЗ 1 159 автокөлікті Қазақстан, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Моңғолия, Куба, Гондурас және Мысырға экспорттаған.
Айта кетейік, Қазақстанда УАЗ автокөліктерінің ресми дистрибьюторы – Вираж компаниясы. Ішкі нарықта «УАЗ СГР» және «УАЗ Профи» модельдері ұсынылған.
Осыған дейін Ульянов автозауыты УАЗ «Хантер» жол талғамайтын көлігіне көлік құралының типін мақұлдау туралы құжатын (ОТТС) алған болатын. Бұл дегеніміз модельдің өндірісі қайтадан жанданады.