Қызылордада дәрігерге қол көтерген әйел сотталды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

Қызылорда қаласының №2 сотында сотталушы әйелге қатысты қылмыстық іс қаралған. Сот үкімімен әйелдің бас бостандығы шектелді.

Қызылорда қаласының №2 сотының мәліметінше, сотталушы жәбірленушінің дәрігерлік амбулаториялық кабинетінде науқас қабылдап отырғанда кіріп келіп, жанжал шығарған.

«Өз кезегінде жәбірленуші кезекпен кіруді талап еткен уақытта, сотталушы оның жағасынан ұстап, жұдырығымен соққы жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтірген», – делінген хабарламада.

Сотталушы Қылмыстық кодекстің 108-1-бабы 2-бөлігі 2-тармағымен кінәлі деп танылды. Оған 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

Айта кетейік, Қазақстанда медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағаны үшін жаза күшейгенін хабарлағанбыз. Тоқаев «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және Қылмыстық-процестік кодексіне толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. 

Сондай-ақ оқыңыз