Абзал Әжіғалиев сынға түседі: 18 ақпандағы Олимпиада кестесі

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: Сали Сабиров, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Туризм және спорт министрлігі Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Қысқы Олимпиада ойындары аясында 18 ақпан күні қазақстандық спортшылар қатысатын жарыстардың кестесін жариялады.

Бүгін, Қазақстан құрамасы бірден төрт спорт түрі бойынша сынға түседі.

Астана уақытымен 13:45-те шаңғы жарысынан әйелдер арасындағы командалық спринттің іріктеу кезеңі басталады. Қазақстан намысын Дарья Ряжко мен Надежда Степашкина қорғайды.

Сағат 14:00-де тау шаңғысы спортынан әйелдер арасындағы слалом жарысының алғашқы кезеңі өтеді. Жарыс жолына Александра Скороходова шығады.

Осы уақытта әйелдер арасындағы фристайл-акробатика бойынша іріктеу кезеңі де басталады. Финалға жолдама үшін Аяна Жолдас бақ сынайды. Бұл дисциплинадағы финалдық жарыстар 17:00-ге белгіленген.

Ал 14:15-те ерлер арасындағы шаңғы командалық спринт іріктеуіне Наиль Башмаков пен Әмірғали Мұратбеков қатысады.

Түнгі 00:15-те шорт-тректен 500 метр қашықтыққа ширек финалдық жарыстар өтеді. Мұз айдынына Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша шығады.

Еске сала кетейік, Абзал Әжіғалиев алдыңғы кезеңде сүрінбей өтіп, желі жұлдызына айналған еді.

Сондай-ақ оқыңыз