Жамбыл облысында 13 жастағы қызды ұрламақ болған күдіктілер ұсталды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Ирак түрмелерінде 6 қазақ әйелі қамауда отыр
Фото: kursiv.media мұрағаты

Жамбыл облысында 13 жастағы оқушы қызды аялдамада ұрлауға әрекеттенген күдіктілер ұсталды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, полицияға екі белгісіз ер адамның автокөлікпен аялдамада тұрған жасөспірімді күштеп алып кетпек болғаны жөнінде хабарлама түскен.

«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Оқиға орнына полиция қызметкерлері шұғыл жетті. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды»,  – делінген хабарламада.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз