Қазақстандықтар «сары нөмірлі» көліктерін сатуға және LED-шам орнатуға рұқсат сұрады

Gosrating.com сайтында шетелден әкелінген, алайда заңдастырылған автокөліктерге сату құқығын қайтару және LED-лампаларды қолдануға рұқсат беру туралы петиция пайда болды.
Айта кетейік, 2023–2024 жылдары Қазақстанда шетелдік автокөліктерді заңдастыру бойынша ауқымды науқан өтті. Мыңдаған азаматтар өз көліктерін тіркеп, сары нөмірлер немесе 5 жыл бойы сатуға тыйым салынғаны жөнінде арнайы белгі алған.
Петиция авторларының пікірінше, қазіргі тыйымдар:
- азаматтарға қажеттілік туындағанда (емделу қажеттілігі, тұрғын үй сатып алу, көшу және т.б.) өз мүлкін еркін пайдалану мүмкіндігінен айырады;
- меншік құқығында ескі көліктерді бекітіп, олардың сатылуына немесе заманауи, экологиялық таза модельдерге ауысуына кедергі келтіреді;
- «сақтандыру арқылы» немесе «сенімхатпен» жасалатын мәмілелерді заң шеңберінен тыс қалып, сатып алушылардың құқықтарын қорғамайды.
Петиция авторлары азаматтарға мемлекеттен заңдастырылған көліктерді ерте сатуға мүмкіндік беретін механизмді жетілдіруге шақырады. Бұл азаматтарға көліктерін заңды түрде ауыстыруға немесе сатуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар құжатта техникалық регламент пен техникалық байқау ережелеріне өзгерістер енгізу ұсынылады. Онда қалыпты (штаттық) жарық шамдарында LED-лампаларды қолдануға рұқсат беру ұсынылады. Бірақ олар тексеруден өтуі қажет. Толық тыйымның орнына сертификаттау және техникалық байқау пункттерінде тексеру жүйесін енгізу ұсынылды.
Айта кетейік, петиция қарапайым сайтта орналастырылған. Ал мемлекеттік органдарда қаралуы үшін мұндай петициялар тек e-Petition порталында жариялануы керек және онда бірнеше ондаған мың дауыс жинау қажет. Сондықтан автокөлік иелерінің бұл бастамасы нәтижесіз қалуы мүмкін.