Елде енді әр тауарды цифрлық коды бойынша тексеруге болады

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
Фото: kursiv.media мұрағаты

eGov Mobile қосымшасында тауарларды цифрлық код (Data Matrix) арқылы тексеру функциясы іске қосылды.

Жаңа қызмет Naqty Onim сервисі негізінде жұмыс істейді. Сонымен қатар пайдаланушыларға өнімнің түпнұсқалығы, өндірушісі, шығарылған күні мен негізгі сипаттамалары туралы ақпаратты тегін алуға мүмкіндік береді.

Қазір жүйе дәрі-дәрмек, темекі және аяқ киім секілді жалған өнім жиі кездесетін санаттарды тексереді. Қызметті пайдалану үшін қосымшада авторизациядан өтіп, «Naqty Onim» сервисін таңдап, кодты камерамен сканерлеу жеткілікті.

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасында авторизациядан өтіп, «Сервистер» бөлімін ашу керек;
  • «Naqty Onim» сервисін таңдап, деректерді беруге келісім беру қажет;
  • «Бастау» батырмасын басып, смартфон камерасын Data Matrix кодына бағыттау керек.

Айта кетейік, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап шығарылған дәрілер, барлық темекі өнімдері мен аяқ киім міндетті түрде цифрлық таңбаланады. Ал 2026 жылдан бастап сыра, мотор майлары және жеңіл өнеркәсіп тауарлары да кезең-кезеңімен осы жүйеге қосылады.

Сондай-ақ оқыңыз