Wizz Air-дің бұрынғы директоры FlyArystan компаниясының президенті болып тағайындалды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Flyarystan компаниясы
Flyarystan компаниясының басшылығы ауысты / Фото: shutterstock

Air Astana компаниялар тобы Йохан Эйдхаген FlyArystan президенті лауазымына тағайындалғанын жариялады. Ол қызметке 2026 жылғы 1 наурыздан бастап кіріседі.

Жаңа басшы туралы не белгілі

Йохан Эйдхаген бұған дейін Wizz Air әуе компаниясында басшылық қызметтер атқарған. Ол Абу-Дабидегі Wizz Air компаниясының басқарушы директоры, сондай-ақ кадрлар, ESG және маркетинг жөніндегі атқарушы директор лауазымдарын иеленген.

Сонымен қатар, Nokia компаниясында 15 жыл бойы халықаралық деңгейде еңбек еткен.

Йохан Эйдхаген осыған дейін FlyArystan-ды басқарған Ричард Леджердің орнына келеді.

Ричард Леджер Air Astana тобында жаңа қызметке — серіктестіктер мен альянстар жөніндегі вице-президент лауазымына ауысты.

Ол China Southern Airlines және Air India сияқты компаниялармен стратегиялық серіктестікті дамытуға жауапты болады.

Бас компаниядағы кадрлық өзгеріс

Air Astana компаниясының бас атқарушы директоры Питер Фостердің айтуынша, жаңа басшылық құрам компанияның өсу әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сәуір айында Топтың бас атқарушы директоры қызметіне Ибрахим Жанлы, ал наурыз айында қаржы жөніндегі атқарушы директор ретінде Гонсалу Пиреш қосылады.

Бұған дейін FlyArystan-ның қол жүгіне ақы белгілеу тәртібі тексеріліп жатқаны хабарланған. Алайда компания бұл мәселеге қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Сондай-ақ оқыңыз