«Қарабах» – «Ньюкасл» матчының тікелей трансляциясы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
коллаж: kursiv.media

Бүгін, 18 ақпан күні сағат 22:45-те Әзербайжанның «Қарабах» футбол клубы өз алаңында Англияның «Ньюкасл Юнайтед» командасын қабылдайды.

«Қарабах» биыл тарихи жетістікке жетіп, Әзербайжан клубтарының ішінде алғаш рет Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты. Топтық кезеңнің соңғы турында команда «Ливерпуль» клубынан 0:6 есебімен жеңілгенімен, бас бапкер Гурбан Гурбанов команданың турнир бойындағы жолына оң баға берді.

Ал «Ньюкасл» жалпы кезеңді 12-орында аяқтап, Бакуге қорғанысы ең мықты командалардың бірі болып келіп отыр. Статистика бойынша, турнирде олардан аз гол жіберген жалғыз клуб – небәрі төрт гол өткізген «Арсенал». Сонымен қатар, команда вингерлері Харви Барнс пен Энтони Гордон турнирдің үздік сұрмергендері қатарына кіріп үлгерді.

Ойынның тікелей көрсетілімін Q League арнасы көрсетеді. Сондай-ақ Кинопоиск пен Freedom Media платформаларынан да көруге болады.

Сондай-ақ оқыңыз