5,7 балл: қазақ-қытай шекарасында жер сілкінді

19 ақпанда Астана уақытымен сағат 14:09-да Қазақстан мен Қытай шекарасына жақын маңда жер сілкінді. Бұл туралы Kursiv.Media Қазақ Ұлттық деректер орталығының мәліметіне сүйене отырып хабарлайды.
Ұлттық орталық дүмпу магнитудасын 5,7 балл деп бағалады.
Жерасты дүмпу ошағы Алматы облысының Нарынқол, Текес, Сүмбе, Сарыжаз және Қарасаз ауылдарына жақын орналасқан. Мәселен, Нарынқолға дейін – бар болғаны 45-50 шақырым. Алматы қаласына дейін – шамамен 300 шақырым.

Естеріңізге сала кетейік, 17 ақпанда түстен кейін Алматы облысында жер сілкінген. 5 балдық дүмпуді Алматы қаласының тұрғындары да сезген. Жер сілкінісінің ошағы Есік қаласына жақын орналасқан. Содан бір күн бұрын – 16 ақпанда қазақ-қытай шекарасына жақын маңда 5,3 балдық жер сілкінісі болған.