Көлік сатылымы жағынан жоғары нәтижеге жеткен Өзбекстан «Шевролестан» атанды

Сарапшы Фелипе Муньос Өзбекстанның автокөлік нарығы әлемдегі ең ерекше нарықтардың біріне айналғанын мәлімдеді. 2025 жылы бұл елде 433 мың көлік сатылған, бұл көрсеткішті Бельгия мен Нидерланды деңгейімен салыстыруға болады.
Нарықтың ерекше жағы, сатылған көліктердің 82%-ын мемлекеттік UzAuto Motors компаниясы шығарып, бақылауда ұстауы. Компания Chevrolet брендінің автокөліктерін өндіреді.
Монополия және жолдағы «ақ маржандар»…
«Шевролестанға қош келдіңіз! Өзбекстандағы көліктердің шамамен 80%-ы – Chevrolet маркасы», – деп әзілмен жауап берген alisherov_tim есімді желі қолданушылардың бірі.

Қала көшелері ақ седандар мен минивэндерге толы. Сатылым бойынша көшбасында – Chevrolet Cobalt , оның сатылған көліктері 128,5 мыңға жеткен. Одан кейін әйгілі Chevrolet Damas тұр, оның конструкциясы жылдар бойы өзгермеген.
Chevrolet-ті қытайлық көлктер ығыстыра ала ма
Chevrolet өнімдерінің басымдығына қарамастан, нарыққа басқа да шетелдік модельлер еніп жатыр. ТОП-10 тізіміне қытайлық BYD пен Chery сияқты брендтер енді. Заманауи Chevrolet Onix бес жетекші марканың қатарында болса да, сатылымы 2%-ға төмендеді.
2025 жылғы негізгі көрсеткіштер:
- Chevrolet – абсолюттік көшбасшы (355 мың бірлік);
- BYD – жылдам өсім (+39%);
- Kia – брендтер арасында сенімді екінші орын.
Желі қолданушылары көлік бағасының қымбаттағанына наразылық білдіруде. Тіпті баға саясатын «заңды тонау» атаған. Соған қарамастан, көпшілік Өзбекстанның әлемдік автонарық үшін тартымды елге айналып келе жатқанын мойындайды.
Батыстың ірі автоөндірушілері «Шевролестанға» бәсекелес бола ала ма, әлде нарықты толықтай қытайлық электромобильдер иелене ме, оны уақыт көрсетеді.
Айта кетейік Қазақстанда әлі де Cobalt-ты ел болып тұр. Қазақтардың сүйікті көлігі Chevrolet Cobalt 2025 жылы бестселлер атанды. Бұл модель елде ең көп сатылып, кореялық кроссоверлерді артта қалдырды.