Абай облысында алтын мен күміс өндіретін компания Ким мен Огайдың иелігінде қалды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Коллаж: kursiv.media

Қазақстандағы ең бай кәсіпкерлер Владимир Ким мен Эдуард Огайға тиесілі Aidarly Project компаниясының құрылтайшылары ауысты. Қаржы есептілігі депозитарийіндегі ақпаратқа сәйкес, екі акционер компанияның біреуінің орнын басқа компания басқан.

Компания акционерлері қатарынан «Қазақмыс» корпорациясы шығып, орнына QAZ COPPER GROUP енген. Ал екінші құрылтайшысы – Нидерландыда тіркелген – Aidarly B.V. өзгеріссіз қалды.

Ал «Қазақмыс» корпорациясының қазіргі иесі – Qazaq Acquisition Corp. Ltd. Ал бұл компанияның құрылтайшысы – кәсіпкер Нұрлан Артықбаев.

2025 жылдың аяғында «Қазақмыс» корпорациясы Qazaq Stroy компаниясының иесіне сатылды. «Қазақмысты» Артықбаев Владимир Ким мен Эдуард Огайдан 1,2 млрд доллаға сатып алған.

Артықбаев «Қазақмысты» сатып алу үшін Швейцариядағы шикізат трейдері – Mercuria Energy Group Ltd-дан қарызға ақша алғаны белгілі.

Kompra дерегіне сәйкес, QAZ COPPER GROUP-ке бірнеше компания арқылы миллиардерлер – Владимир Ким мен Эдуард Огай иелік етеді.

Яғни кәсіпорын құрылтайшылары қатарынан Артықбаевқа тиелісі компания шығып, компания толығымен қос милионердің иелігінде қалған.

Компания Абай облысындағы «Айдарлы» кен орныны игеріп жатқан компания алтын мен күміс, мыс өндіреді.

Сондай-ақ оқыңыз