Ауызашарға – Қонаевтың басы: Самат блогер сый-кәдеге торт жасатты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қонаевтың бейнесі бар торт / фото: Instagram
Қонаевтың бейнесі бар торт / фото: Instagram

Танымал блогер Самат Бекебаев ауызашарға Дінмұхамед Қонаевтың бейнесі бар торт жасатып, оны сый-кәдеге тартпақ.

Ол бұл тосын әрекетіне еш қысылмай, жағымды жаңалық ретінде әлеуметтік желіге жариялап отыр. 

«Қонаев атамыздың суретімен арнайы мықты торт жасаттық. Тапсырыспен. Толық жеуге болады. Қараңыздар, өте керемет. Еріккендіктен емес, әрине. Бұл кісіні насихаттау барысында осы тортқа тапсырыс бердік. Бір мықты жанға ауыз ашуға осы тортты сыйлайтын боламыз. Өте керемет торт!» – дейді Самат блогер.

Десе де, Қонаев атамыздың бейнесін тортқа салуды қазақстандықтар жөн көріп отырған жоқ.

«Өткенде бір бейнежазба көрдім. Шетелдік аспаз торттан «мысық» жасайды. Оны кескен кезде, сол үйдің мысығының денесі түршігіп, шошып кетеді. Ал Қонаев атамыздың басын қалай жейміз? Әр нәрсенің өзінің орны болады емес пе?», – деп жазды Ерлан Орынбек.

Самат Бекебаев блогер және тик-токер ретінде Қазақстанда, тіпті Орталық Азияда өте танымал. Жағдайы жоқ адамдарға ұдайы көмектесіп тұрады. Тіпті, Қазақстанда жұмыс істеп жүрген шетелдіктерге де «қысым» көрсеткенімен, соңында атымтай жомарт болып, қомақты қаражат ұсынады. Мұқтаж жандарға азық-түлік тегін таратқан кездері де бар.

Айта кететін жайт, салықшылар табысын жасырған блогерлерден 500 млн теңге өндіріп алды.

Сондай-ақ оқыңыз