2026 жылы банктердің таза табысы азайды

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, бильд-редактор: Серикжан Ковланбаев

Қазақстандағы 23 банк 2026 жылдың қаңтар айында 198,5 млрд теңге таза пайда тапқан. 2025 жылдың алғашқы айымен салыстырғанда, бұл 13%-ға аз. Бұл туралы Ұлттық банк есебінде жазылған.

Салыстырмалы түрде айтсақ, былтыр қаңтар айында банктер 228,4 млрд теңге табыс тапқан болатын. Қазіргі кезде банктердің активтері 70,7 трлн теңгеден асқан. Ал міндеттемелері 60 трлн теңгені құрайды.

Бұл – соңғы бес жылдағы алғашқы сәтсіз жыл басы. Бұған дейін сектор пайдасының үштен бір есе азаюы 2020 жылдың қаңтарында тіркелген еді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық банктердің жиынтық таза пайдасы 6,7%-ға өсіп, 2,7 трлн теңгеге жеткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз