Дастан Сәтбаев алаңға қашан оралады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
фото: instagram

«Челси» футбол клубының мамандары жұмыс сапарымен Алматыға келді. Бұл туралы кәсіпкер Қайрат Боранбаев әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, британдық мамандар «Қайрат» базасында жергілікті жаттықтырушылар штабымен бірлесіп жұмыс жүргізіп жатыр. Сапар барысында Дастан Сәтбаевтың жарақаттан кейінгі оңалу процесі жеке талқыланған.

Шетелдік мамандар футболшының қалпына келуіне көмектесіп қана қоймай, алаңда және жаттығу залында дене дайындығын арттыру бағытында тәжірибелерін бөлісіп жатыр.

Қазіргі таңда нақты оралу мерзімі жарияланған жоқ. Дегенмен клуб өкілдері ойыншының сауығу процесі бақылауда екенін айтып, жаңа маусым қарсаңында жанкүйерлерге жақсы жаңалық болуы мүмкін екенін меңзеді.

Еске сала кетейік, «Қайрат» футбол академиясының түлегі Дастан Сәтбаев былтыр Англияның «Челси» клубымен келісімшартқа отырған еді. Алайда жас шабуылшы 18 жасқа толғаннан кейін бірақ Лондонға көшеді.

Сондай-ақ оқыңыз