
Әнші Ернар Айдар қасиетті Рамазан айында өзі көңілін қалдырған адамдардан кешірім сұрады.
«Ауа райы қандай керемет. Көктем болып тұр. Қасиетті Рамазан айы баршаңызға құтты болсын. Бұл – іштегі ауыр сөзді, кекті, өкпе ренішті шығарып тастап, бір-бірімізге кешіріммен, бірі-бірімізге мейіріммен қарайтын ерекше ай», – деді Арнар Айдар.
Әнші жаратушыдан барша жандардың біліп-білмей істеген күнәларын, қателіктерін кешіруді сұрады.
«Араларыңызда көңілдеріңізді қалдырып қойған жандар болса, баршаңыздан кешірім сұраймын. Мен де өзімді ренжіткен жандарды кешірдім. Рамазан айы мүбәрак болсын. Алла-Тағала Рамазан айын қарызсыз өтеп шығуды жазсын», – деді әнші.
Мұның алдында Ернар Айдар арба айдаған базарды сағынышпен еске алды.