2027 жылға дейін кей жолдар асфальтсіз салынуы мүмкін

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock, бильд-редактор: Милош Муратовский

Қазақстанда кейбір облыстық және аудандық жолдар салғанда, жөндегенде немесе қайта жаңалағанда асфальт және цемент жабындысын қолданбауы мүмкін. Көлік министрлігі осындай бұйрық әзірлеп, «Ашық НҚА» порталына жариялаған.

Халық саны 500 адамнан аз елді мекендерде немесе тәулігіне орташа көлік қозғалысы 500 автокөліктен аз болатын автожолдар мен жанасу жолдарын салу және жөндеу кезінде осы ереже жұмыс істейді.

Ал денсаулық сақтау, білім беру, қауіпсіздік мақсатындағы әлеуметтік, стратегиялық маңызды нысандарға апаратын жолдарды салу сапасы еш өзгермейді. Халықаралық және өңіраралық көлік дәліздеріне, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын жобаларға да бұл талап қолданылмайды.

Ведомствоның түсіндіруінше, шара бюджет қаражатын тиімді пайдалануға және жолдарды пайдаланудағы күтіп-ұстау шығындарын азайтуға бағытталған. Сондай-ақ шешім жол желісіне түсетін нақты жүктемені және демографиялық көрсеткіштерді ескере отырып қабылданған.

Шектеулер 2027 жылдың бірінші қаңтарына дейін жұмыс істейді. Әзірге құжат ашық талқылауда тұр.

Сондай-ақ оқыңыз