Ресейлік жойғыш ұшақ ​шұғыл түрде​ Атырау әуежайына ​қонды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Ұшақ Каспий теңізі үстінде әскери оқу-жаттығуларды орындауы керек болған / Фото: shutterstock

Ресейлік Су-30 әскери ұшағы Атырау қаласындағы Х. Доспанова атындағы халықаралық әуежайға апатты жағдайда қонды. Бұл туралы Kursiv.media «Ақ Жайық» басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

БАҚ ақпаратынша, оқиға 20 ақпан, жұма күні таңертең орын алған. Алдын ала мәліметке қарағанда, ұшақты 1986 жылы туған Башқұртстан Республикасының Белорецк қаласының тумасы Дмитрий Нифантьев басқарған. Ұшақ Каспий теңізі үстінде әскери оқу-жаттығуларды орындауы керек болған.

Ұшқыш бағытынан жаңылып, бағдарын жоғалтқан. Осыған байланысты Атырау әуежайына шұғыл қонуға шешім қабылдайды.

«Қону штаттық режимде өтті. Жолаушыларға немесе әуежай жұмысына ешқандай қауіп төнбеді. Тұрақты рейстер кесте бойынша орындалды. Ұшақ аз уақытқа қонып, ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді», – деп жазды басылым.

Қажетті рәсімдер мен келісімдер аяқталған соң, ұшақ Қазақстан аумағынан шығып Ресейге оралды.

Сондай-ақ оқыңыз