Мысырда демалу енді қымбаттай түседі

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
фото: shutterstock

2026 жылғы 1 наурыздан бастап Мысыр билігі туристік визаның бағасы көтерді. Енді қазақстандықтар үшін виза 20 доллар емес, 30 доллар болады. Жаңа тариф мемлекеттік шекарадағы барлық өткізу бекетінде қолданылады. Бұл туралы Cairo24 басылымы жазады.

Туроператорларға жолданған ресми хатта виза құнының өсуі елге кіру рәсімдерін оңтайландырумен байланысты екені айтылған. Себебі Мысырға келетін туристер саны өсіп келеді.

Туристік компаниялар тур бағдарламаларын алдын ала жаңартып, өзгерістерді шетелдік серіктестермен бірге келісуі керек.

Мысырдың туристік саласы өкілдерінің айтуынша, бұл шешім туризмді дамытуға және қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған шаралардың бір бөлігі. Олардың пікірінше, бұл елдің туристік бағытының аймақтық және халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге тиіс.

Мысыр – қазақстандықтар үшін демалатын танымал бағыттың бірі. Осы жылдың басында ел билігі миграциялық карталар жойылатынын жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз