Ереуіл болып жатқан Мексикада қанша қазақ бар

Қазір Мексиканың бірнеше штатында ереуіл болып жатыр. Курортты қалаларында да жағдай тыныш емес. Осыған байланысты сыртқы істер министрлігі сол елде жүрген қазақстандықтарға қатысты мәлімдеме жасады.
Мексикада қанша қазақ жүр?
Мексикадағы елшіліктің мәліметінше, қазір ол елде отыздан астам қазақ азаматы жүр. Олар тек ресми тіркелгендері ғана.
«Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі елдегі жағдайдың дамуын мұқият бақылап, отандастармен тұрақты байланыс орнатып отыр. ҚР азаматтарына сабыр сақтап, қырағылық танытып, қауіпсіз жерлерде болу ұсынылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының 35 азаматы консулдық есепте тұр», – деп жазылған хабарламада.
Ведомство жағдайды күнде бақылауында ұстап отырғанын ескертті.
Көтерілістер не үшін басталды?
Елдегі тәртіпсіздіктің басты себебі – «Жаңа ұрпақ Халиско» атты ірі есірткі картелінің жетекшісі, «Эль Менчо» лақап атымен танымал Рубен Немесио Осегера Сервантестің өлтірілуі болды. Ол Мексикадағы ең ықпалды қылмыстық топтардың бірін басқарған. Оның көзін жойғаннан кейін қылмыстық топтар мен аймақтарда әскерилер арасында қақтығыс болды.
Соның салдарынан бірқатар өңірде қауіпсіздік жағдайы күрт шиеленісті. Жағдайды тұрақтандыру үшін билік армия мен ұлттық гвардия күштерін жұмылдырды.