Референдумды жарнамалауға қанша қаражат жұмсалады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Референдум 15 наурызда өтеді/фото: Серикжан Ковланбаев

Конституцияны өзгертуге қатысты референдумға 20 млрд 778 млн теңге бөлінген. Орталық референдум комиссиясы (ОРК) мүшесі Михаил Бортник бұл соманың ОРК мен Сыртқы істер министрлігі арасында бөлінетінін айтты.

Айтуынша, бөлінген қаражаттың 123 млн теңгесі сыртқы істер министрлігіне берілді.

«Орталық референдум комиссиясы шотына түскен қаражаттың 75%-ы – комиссия мүшелерінің жалақысы. Бұл тізімде мұғалімдер де, дәрігерлер де, бизнес өкілдері де бар», – дейді Михаил Бортник.

Комиссия мүшесі Ләззат Сүйіндіктің сөзінше, қаражаттың 20-25%-ы референдум туралы ақпарат таратуға жұмсалады.

«50-ден аса республикалық, 100-ден аса жергілікті БАҚ қаржыландырылған. Одан бөлек LED экранға шығарылатын сыртқы жарнамалар да бар», – дейді Сүйіндік.

Сөзінше, референдумға қатысуға үндейтін концерттер мен жиын ұйымдастыруға комиссия тарабынан қаражат қарастырылмаған.

Сондай-ақ оқыңыз