LRT-ге бухгалтерлер мен кассирлер іздеп жатыр

Астанада ЛРТ іске қосылуына орай кассирлер мен кезекшілер іздеп жатыр. Бұл туралы CTS сайтында жазылған.
Кассирлерге қойылатын талап:
– жоғары немесе орта арнаулы білім (бухгалтерлік есеп, қаржы, экономика, гуманитарлық салалар);
– мамандығы бойынша жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес;
– «1С: Бухгалтерия» жұмыс дағдылары;
– есептілікті құрастыру дағдылары;
– мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу құпталады.
Міндеттері:
– LRT пайдалану ережелерін, тарифтерді, жеңілдіктерді және жол жүру шарттарын түсіндіру;
– белгіленген тарифтерге сәйкес көлік карталарын сату және толықтыру;
– кассалық есептілікті жүргізу.
Кезекшілерге қойылатын талап:
Біліктілік талаптары:
– жоғары білім (мамандыққа қойылатын талаптар жоқ);
– арнайы орта білім. Көлік саласындағы жұмыс тәжірибесі кемінде 6 ай;
– мемлекеттік және орыс тілдерін білу, ағылшын тілін білу құпталады.
Міндеттері:
– жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру, жолаушыларға арналған жабдықтардың жұмысын бақылау;
– платформада жолаушылар ағынын реттеу және қоғамдық тәртіпті сақтау.
Айта кету керек, кезекшілерді бір ай оқытады. Оқып жүргенде жұмыс аптасына бес күн болса, кейінірек ауысыммен шығады.
Екі жұмыс орнына келетін үміткерлер Еңбек Кодексіне сай рәсімделеді, ауысымдық кестемен жұмыс істейді.
Жоспар бойынша, осы жылы жазда ЛРТ пайдалануға берілуі керек. Оның маршрутын мына жерден көре аласыз.