Қашағандағы дауға байланысты мұнай алпауыттары сотқа жүгінді – Bloomberg

Қазақстандағы Қашаған кен орнын игеріп отырған ірі мұнай компаниялары 2,3 трлн теңгелік (4,6 млрд доллар) экологиялық айыппұлға байланысты халықаралық арбитражға өтініш берді, деп хабарлайды Bloomberg.
Мәселе Астанадағы соттың айыппұлды жою туралы шағымды қанағаттандырмауынан кейін ушыға түскен. Ал Қазақстан үкіметі Қашаған маңындағы игерілмеген Ақтоты мен Қайран кен орындарын мемлекет меншігіне қайтару талабымен бөлек арбитраждық іс қозғап отыр.
Bloomberg дерегінше, бұл даулар Қазақстан мен мұнай алпауыттары арасындағы Қашағанға қатысты жалпы көлемі 166 млрд долларды құрайтын кең ауқымды келіспеушіліктің бір бөлігі. Даулар жоғалған табыс, шығындарды өтеу және экологиялық талаптарға байланысты.
Экологиялық айыппұл күкіртті сақтау ережелеріне қатысты. Қашағанды басқаратын North Caspian Operating Company (NCOC) талаптарды сақтағанын мәлімдеген. Қазақстанның жауапты ведомстволары бұл тақырыпқа әзірге пікір білдірмеді.
Айта кетейік, осыған дейін батыстың Eni, Shell, Chevron секілді ірі мұнай компаниялары Қарашығанақ кен орнына қатысты істі қараған төрелік сот Қазақстаннан жеңілгені 2026 жылғы қаңтардың аяғында мәлім болған еді.